+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңінің қорытындысы
25 Жел, 18:51

2023 жылдың 22-23 желтоқсанында ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, оқуға қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау.

Олимпиада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және Зайсан, Катонқарағай, Самар аудандарының тірек мектептерінің базасында өтті.

Олимпиадаға 700-ден астам оқушы қатысты.