Жаңа жыл – барлық балалар ерекше қуанышпен күтетін мереке. Жаңа жыл қарсаңында балалар үшін мереке ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан сыйлықтар тарту ету дәстүрге айналды. 2023 жылғы 24 желтоқсанда «Ертіс концерт» залында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан, сондай – ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл!» Жаңа жылдық шыршасы өтті.
Ағымдағы жылы қызықты мерекелік бағдарламаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатарынан 9 жастан 13 жасқа дейінгі 450 бала қатысты.
Шыршаның жас қатысушылары үшін жаңа жылдық ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне саяхат ұйымдастырылды, онда балалар әйгілі мультфильмдер мен халық ертегілерінің ұлттық кейіпкерлерімен кездесті.
Жаңа жылдық шырша балаларын облыс әкімі Көшербаев Ермек Беделбайұлы құттықтап, мемлекеттің басты миссиясы – әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына қамқорлық жасау екенін атап өтіп, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй мен оқуда озат болуды тіледі.
Жақсылық жасау, балалардың жүрегін жылыту, ертегі мен ғажайыпқа сенуді үйрету – мерекенің басты миссиясы.Балаларға арналған мерекелік бағдарлама балалардың шығармашылық және креативтык қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Мерекелік бағдарламаның соңында балаларға «Тәтті тосынсый» тәттілерінен сыйлықтар табысталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 200 бала 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат, құттықтау хат, тәтті сыйлық алды. ШҚО әкімінің атынан 250 балаға 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат және тәтті сыйлық табысталды.
Келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймыз! Барлық армандарыңыздың орындалуы үшін денсаулық пен бақыт тілейміз!







