+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша I республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңінің АНОНСЫ
21 Жел, 11:25

2023 жылдың 22-23 желтоқсанда ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша I республикалық олимпиаданың екінші кезеңі (іріктеу) (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: бастапқы, іріктеу, республикалық.

Олимпиаданың іріктеу кезеңіне облысымыздың 700-ден аса оқушысы – бастапқы кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Олимпиада: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша тірек пункттерінің базасында өткізіледі.

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Олимпиада нәтижелері www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланатын болады.