2023 жылдың 15-19 желтоқсанында облысымыздың дарынды оқушылары «INFOMATRIX-ASIA-2023» ІТ-жобалары бойынша халықаралық конкурсқа қатысты.
Сайыс 6 бағытта және ағылшын тілінде өткізілді: Робототехника – FLL Challenge және Aruduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.
Жарысқа 4 мемлекеттен 450 оқушы қатысты.
Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен келесі оқушылар марапатталды:
1. Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Джамбулатов Алишер;
2. Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Тұрсынхан Мансұр;
3. Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Полат Эфе Джан.
ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен келесі оқушылар марапатталды:
1. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Толыбаев Теміржан;
2. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Құдайбергенов Ратмир;
3. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11-сынып оқушысы Бақытбек Оралхан;
4. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11-сынып оқушысы Смайылұлы Досымжан;
5. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10-сынып оқушысы Адайбек Ақерке.
Халықаралық сайыстардың жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!