+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ШЫҰ экология жылына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
14 Жел, 12:01

 I. Жалпы ережелер

1. ШЫҰ экология жылына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуын анықтайды (бұдан әрі – Байкау).

2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім баскармасының «Дарындылык пен косымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

3. Байқаудың мақсаты – оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші Отанын сүюге баулу.

4. Байқаудың міндеттері:

- өлкетану, экология, ресурс үнемдеу, табиғи және жасанды кұрылған экожүйелерді қорғау және сақтауға қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау;

- ғылыми-зерттеу құзыреттілігін, өзін-өзі ұйымдастыру және өз білімін қалыптастыру;

- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

- олардың кәсіби бағдарлануына ықпал ететін экологиялық проблемаларды шешуге практикалық катысуға білім алушыларды тарту үшін жағдайлар жасау;

- өскелең ұрпақтың кіші Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және азаматтық жауапкершілікіктерін дамыту.

Байқауды өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

ІІ. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін байқаудың ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастырукомитеті:

- байқауды дайындау мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

- байқауды өткізу кезінде конкурстар мен жарыстардың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу түрін анықтайды;

- байқаудың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- байқаудың дайындалу, өткізу барысымен нәтижелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз етеді.

ІІІ.Байқауды ұйымдастыру мерзімімен тәртібі

1. Байқау үшк езеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік (2024 жылғы қаңтар).

Екінші кезең (іріктеу) –аудандық, қалалық (2024 жылғы қаңтар).

Үшінші кезең – облыстық (2024 жылғы 14-15 ақпан).

1. Байқаудың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен айқындалады.

2. Қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының және облыстық білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған облыстық байқауға қатысу үшін өтінімдер, сондай-ақ қатысушылардың байқау жұмыстары (Қосымша №1).

3. 2024 жылғы 1 ақпанға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының мекен-жайы, 8 (7232) 70-26-74 телефоны, sporturism@shygysdaryn.kz е-mail бойынша қабылданады.

Өтінімге қоса беріледі:

- қатысушылардыңконкурстықжұмыстары,бейнематериалдарғасілтемелер;

-  байқаудың іріктеу кезеңдері жеңімпаздарының және жетекшілердің байқауға қатысуы туралы білім бөлімдері басшыларының, облыстық білім беру ұйымдары директорларының бұйрығының көшірмесі;

- қатысушылар мен жетекшілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

- Байқауға құрамында 2 адамнан артық емес қатысушы немесе қатысушылар дайындаған жобалар қатыса алады. Бір ізденушінің екі немесе одан да көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді.

- Конкурсқа ұсынылған жұмыстар (мәтіндік формат) антиплагиат жүйесі бойынша тексерілетін болады.

- Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.

ІV. Байқауға қатысушылар

1. Байқауға іріктеу сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

2. Команданың сандық құрамықаладан/ауданнан, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім мекемелерінен –12адамғадейін.

3. Қатысушылардың жасы: 7-9 сынып оқушылары.

V. Байқауды ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары

1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Туған өлкенің туристік әлеуеті» номинациясы – оқушыларды ашылулар мен жаңа жетістіктерге шабыттандыратын туған өлкенің орындары бойынша іздестіру-зерттеу экспедициясының қорытындылары бойынша бейнерепортаждар конкурсы: табиғи, тарихпен байланысты, киелі, жобаның авторы(лары) үшін маңызды.

Конкурсқа талаптарға сәйкес келетін кез келген қолжетімді техникалық құралдармен түсірілген (жасалған) бейнерепортаждар ұсынылады:

- Форматтар – MP4, MPEG, MOV (QuiсkTime), AVI;

- Бейнерепортаждың максималды ұзақтығы 5 минут;

- Жоба авторының(ларының) бейнерепортажға тікелей қатысуы – міндетті;

- Түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – авторлардың қалауы бойынша;

- Бейнерепортаждың мазмұны ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс;

- Бейнерепортаж жобаның атауынан, автордың(лардың) аты-жөнінен, білім беру ұйымының толық атауынан, қаладан, ауданнан, елді мекеннен басталуы тиіс;

- Бейнерепортажға WORD форматында сақталған аннотация қоса беріледі: жұмыс атауы, номинациясы, қатысушының (лардың) аты-жөні, сыныбы, жасы, білім беру ұйымының толық атауы, қала, аудан, елді мекен, жоба жетекшісі, жобаның басты идеясы, мақсаттары мен міндеттері, қысқаша мазмұны. Аннотация көлемі – компьютерлік терудің 1 бетінен аспайды (Times New Roman қарпі – 14 пт.; жоларалық интервал – 1; барлық өрістер 2 см).

Конкурсқа: бейнерепортажға сілтеме (Youtube) және аннотация ұсынылады.

1. «Шығыс Қазақстанның экологиялық мониторинг картасы» номинациясы – зерттелетін аумақта қалыптасқан, қоршаған ортаның және оның жекелеген компоненттерінің жағдайын (радиация, су деңгейі, химиялық ластану, метеорологиялық жағдай, сейсмикалық белсенділік, топырақтың жағдайы және т.б.) байқауды, бағалауды және болжауды қамтитын қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың карталарын әзірлеу.

Жоба бойынша жұмыс барысында қоршаған орта объектілеріне байқаулар жүргізілуі, ағымдағы жағдайды бекіту, объектінің қазіргі жағдайын эталондық үлгісімен салыстыру, объектінің рұқсат етілген өзгерістерін анықтау және кеңістіктегі және уақыттағы осы өзгерістердің динамикасына талдау жүргізілуі тиіс. Карталар графикалық (қағазға сурет салу) немесе сандық форматта (мультимедиа арқылы және компьютерде ойнату) жасалуы мүмкін.

Картаға WORD форматында сақталған қысқаша аннотация қоса беріледі: жұмыс атауы, номинациясы, қатысушының (лардың) аты-жөні, сыныбы, жасы, білім беру ұйымының толық атауы, қала, аудан, елді мекен, жоба жетекшісі, жобаның басты идеясы, мақсаттары мен міндеттері, қысқаша мазмұны. Аннотация көлемі – компьютерлік терудің 1 бетінен аспайды (Times New Roman қарпі – 14 пт.; жоларалық интервал – 1; барлық өрістер 2 см).

Конкурсқа: карта және аннотация ұсынылады.

1. «Жібек жолы – 2024» номинациясы – өз қолымен жасалған бұйымдардың шығармашылық конкурсы: табиғи материалдан жасалған бұйым (саздан жасалған бұйым-ұсақ пластик, рельеф, горельеф, пласт, плакетка, медаль, қыш өнері, тал шыбығы және жүзім бұтағы, қарағай тамыры, шөп, қайың қабығы, жоңқа), «ою» және «сурет салу» (ағаш, мата, шыны, металл бойынша), кесте, шілтер тоқу, тоқыма, жамылғы пластикасы, ленталармен кестелеу, моншақ (панно, картиналар), бисермен өру (әйелдер әшекейлері) және т. б.

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- Конкурсқа 5-10 фотосурет жіберіледі: 1) бұйымдар, 2) бұйым авторымен бірге, 3) автор жұмыс барысында әртүрлі ракурстарда. Көрсетілген бір немесе екі тармақ бойынша фотосуреттер болмаған жағдайда жұмыстар қабылданбайды.

Картаға WORD форматында сақталған қысқаша аннотация қоса беріледі: жұмыс атауы, номинациясы, қатысушының (лардың) аты-жөні, сыныбы, жасы, білім беру ұйымының толық атауы, қала, аудан, елді мекен, жоба жетекшісі, жобаның басты идеясы, мақсаттары мен міндеттері, қандай материалдан жасалған, көмекші материалдардың қандай түрлері қолданылды, қысқаша мазмұны. Аннотация көлемі – компьютерлік терудің 1 бетінен аспайды (Times New Roman қарпі – 14 пт.; жоларалық интервал – 1; барлық өрістер 2 см).

Конкурсқа: бұйымның фотосуреттері және аннотация ұсынылады.

1. Барлық номинациялар бойынша байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:

2. Байқау тақырыбы мен номинациясының толықашылуы;

3,. Мағыналық және композициялық тұтастық. Логика;

4. Ұсынылған тақырыптың жаңалығы мен өзектілігі. Мақсаттар мен міндеттерді қою;

5. Қойылған мақсатқа жету әдістерін қолданудың тиімділігі;

6. Шығармашылық тәсіл.Ерекшелігі;

7. Мазмұн сапасы;

8. Жұмыстың зерттеу сипаты;

9. Материалдардың көркемдік және техникалық сапасы;

10. Жұмысты рәсімдеуі, эстетикасы.

Басқа біреудің материалын пайдалануға қатаң тыйым салынады. Конкурстық жұмыстар бұрын жарияланбаған болуы тиіс.

VI. Байқау қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау

1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына тарихшылар, географтар, экологтар, филологтар, журналистер, қосымша білім беру педагогтары кіреді.

2. Конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен номинациялар бойынша (жоба жетекшілерін көрсете отырып) марапатталады. Қалған қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

3. Байқау қорытындысы ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығының https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында жарияланады.

Анықтама телефоны: 8 (7232)70-26-74.

VII. Конкурсты қаржыландыру

1. Конкурсты қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығымен жүзеге асырылады.