Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 14-15 ақпан күндері ШЫҰ экология жылына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауын өткізуді жоспарлап отыр.
Байқаудың мақсаты – оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші Отанын сүюге баулу.
Байқау келесі номинацияла рбойынша өткізіледі:
- «Туған өлкенің туристік әлеуеті» – бейнерепортаждар байқауы;
- «Шығыс Қазақстанның экологиялық мониторинг картасы» – карталар әзірлеу;
- «Жібек жолы – 2024» номинациясы – өз қолымен жасалған бұйымдардың шығармашылық конкурсы.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Команданың сандық құрамы қаладан/ауданнан, облыстық білім мекемелерінен –12 адамға дейін.
Қатысушылардың жасы: 7-9 сынып оқушылары.
Байқау үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік (2023 жылғы қаңтар).
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық, қалалық (2023 жылғы қаңтар).
Үшінші кезең – облыстық (2023 жылғы 14-15 ақпан).
Байқаудың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен айқындалады.
Қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының және облыстық білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған облыстық байқауға қатысу үшін өтінімдер, сондай-ақ қатысушылардың байқау жұмыстары 2023 жылғы 1 ақпанға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының мекен-жайы,8 (7232) 70-26-74 телефоны, sporturism@shygysdaryn.kz е-mail бойынша қабылданады.
Өтінімге қоса беріледі: қатысушылардың конкурстық жұмыстары, бейнематериалдарға сілтемелер, байқаудың іріктеу кезеңдері жеңімпаздарының және жетекшілердің байқауға қатысуы туралы білім бөлімдері басшыларының, облыстық білім беру ұйымдары директорларының бұйрығының көшірмесі, қатысушылар мен жетекшілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.