+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Информатикадан XV Еуразиялық олимпиадасының қорытындысы
14 Жел, 11:30

2023 жылғы 11-12 желтоқсанда Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті базасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 75 командадан 200-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиада екі тур бойынша өткізілді: техникалық және негізгі тур.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының оқушылары III дәрежелі дипломмен және қола медальдармен марапатталды:

1. Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Ахметов Әлішер;

2. Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Касиман Алемхан;

3. Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Ғазиз Мәди.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!