+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Асық ату және бес асықтан Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
08 Жел, 16:39

2023 жылғы 7 желтоқсанда Өскемен қаласында Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп базасында асық ату және бес асықтан 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

Ұлдар арасында:

І орын – «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Риддер қаласы;

ІІ орын – «Герасимовка орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;

ІІІ орын – «Абай ат. №33 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы.

Қыздар арасында:

І орын – «Амангелді ат. орта мектеп» КММ, Зайсан ауданы;

ІІ орын – «Т. Рысқұлов ат. орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІІ орын – «Көкжота орта мектебі» КММ, Самар ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!