+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық мектеп лигасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
08 Жел, 15:27

2023 жылғы 8 желтоқсан күні Өскемен қаласында, ШҚО ТЖД спорт манежі базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын екі кезеңде өткізілді: қашықтық және эстафета.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «М. Горький атындағы негізгі орта мектебі» КММ, Риддер қаласы;

ІІ орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;

ІІІ орын – «№26 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!