2023 жылғы 7 желтоқсанда Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ойын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Жамбыл атындағы негізгі орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы;
ІІ орын – «Көкжота орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
ІІІ орын – «№45 орта бейіндік мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!
