+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
07 Жел, 11:57

2023 жылғы 4-6 желтоқсан күндері Өскемен қаласында, №46 орта мектеп базасында 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Ұлдар арасында:

І орын – «Жетіарал мектеп-балабақшасы кешені» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІ орын – «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Самар ауданы;

ІІІ орын – «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.

Қыздар арасында:

І орын – «№1 Самар орта мектебі» КММ, Самар ауданы;

ІІ орын – «№2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;

ІІІ орын – «О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!