+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының шахматтан «Ақбозат» жарасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
07 Жел, 10:20

2023 жылғы 6 желтоқсанда Өскемен қаласында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі («Chess Land» БЖК) базасында 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының шахматтан «Ақбозат» жарасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ;

ІІ орын – «Қ. Билялов ат. мектеп-лицей» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІІ орын – «О. Бөкей ат. №44 лицей» КММ, Өскемен қаласы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!