+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
9-11 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «БЕЛЕС» ТУРИСТІК СТАРТТАРЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
06 Жел, 11:53

1. Жалпы ережелер

1.1. Берілген ереже 9-11 жастағы балаларға арналған «Белес» туристік старттарының (бұдан әрі – Турстарттар) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдауды, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды, қатысуды және жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтауды белгілейді.

1.2. Турстарттардың мақсаттары мен міндеттері:

- туризм жайлы, табиғат жағдайында аман қалу туралы білімнің қалыптасуы;

- салауатты өмір салты негізінің, эмоционалды оң қарым-қатынастардың, ұжымшылдық сезімнің қалыптасуы; 

- қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру;

- өскелең ұрпақ бойындағы азаматтық сезімді, туристік мәдениетті тәрбиелеу.

1.3. Турстарттардың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығы)  болып табылады.

2. Турстарттардың ұйымдастыру комитеті

2.1. Турстарттарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құралады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Турстарттарды әзірлеу мен өткізуді тікелей басқаруды жүзеге асырады;

- Турстарттарға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

- Турстарттарды өткізу кезінде қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

- іс-шаралардың түрлерін, оларды өткізу нысандарын анықтайды;

- Турстарттардың қорытындысын сараптайды және жалпыландырады;

- Турстарттардың өту барысын, өткізілуін және нәтижелерін БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

2.2. Турстарттардың бірінші-екінші кезеңдерін басқаруды жүзеге асыру үшін мектептік, аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері құрылады. Олардың құрамы тиісті білім мекемелерінің органдарымен бекітіледі.

3. Турстарттарды ұйымдастырудың мерзімі мен тәртібі

3.1. Турстарттар жүлдегерлерді және жеңімпаздарды анықтаумен үш кезеңде өткізіледі:  

Бірінші кезең (іріктеу) – жалпы орта білім, қосымша білім мекемелерінде (2024 жылдың ақпаны);

Екінші кезең (іріктеу) – аудандық / қалалық (2024 жылдың наурыз-сәуірі);

Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық (2024 жылдың мамыры, Өскемен қаласы).

3.2. Турстарттардың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларының, білім мекемелерінің директорларының бұйрықтарымен анықталады.

3.3. Аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің нәтижелері Ұйымдастыру комитетіне өтінім түрінде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық білім мекемелерінің директорларының қолымен (1-қосымша) Турстарттардың облыстық кезеңіне қатысу үшін 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін келесі мекен-жай бойынша жіберіледі: Өскемен қаласы,Абай көшесі, 21 ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығы, тел. 8 (7232) 70-26-74, е-mail:sporturizm@shygysdaryn.kz.

Өтінімге қатысушылардың және жетекшінің тұлғасын анықтайтын сканерленген құжаттары қоса беріледі.

4. Турстарттардың қатысушылары

4.1. Турстарттарға іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары – облыстық жалпы орта білім және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.

4.2. Ауданнан/қаладан команданың сандық құрамы – 5 адам (3ұл + 2 қыз) және 1 жетекші бапкер – команданың өкілі. 

4.3. Оқушылардың жас санаты – 9-11 жас.

4.4. Әр команда Турстарттардың жарыстары мен сайыстарының барлық түрлеріне қатысуы қажет.

4.5. Қатысушылардың киімі ауа-райына сай болуы және қимылды шектемеуі қажет. Екі жұп аяқ киім. Аяқ киім спорттық немесе туристік болуы (кроссовка немесе бәтіңке) қажет. Бас киімнің болуы міндетті (күлапара бас киім болып есептелмейді).

Команданың БІРЫҢҒАЙ спорттық киім формасы мен таным белгісі болуы тиіс.

5. Турстарттарды өткізудің шарты мен тәртібі

5.1. Турстарттар келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

5.1.1.«Бағдар» туристік викторинасы

Викторинаға команда толығымен қатысады (5 адам).

Бағалаудың негізгі критерийлері: жауаптардың дұрыстығы, орындау уақыты.

Викторина бағдарламасы:

1. «Туристік жабдықтар»ойыны. Жеке және топтық туристік жабдықтарды білуден тапсырмалар.

2. «Мені түсін» ойыны. Команданың бір мүшесіне туризмге қатысты сөз бар карточка беріледі. Ол қимыл және мимикамен сол сөзді өз командасына түсіндіруі қажет.

3. Аспаздық сайыс. Саяхаттағы азық-түліктерді білуден тапсырмалар. Мәзірді жасаудан тапсырмалар.

4. Туристік түйіндерді білуден «Түйін» сайысы.

5. Туристік жұмбақтар сайысы. Команда мүшелері жүргізушінің 10 сұрағына жауап береді. Жауап беруші өз жауабын түсіндіруі қажет.

6. «Алау» туристік сайысы, алау түрін анықтау және оны пайдалану мақсатын түсіндіру.

7. Жас туристер заңдарын үздік сахналандыру сайысы.

Командалар жас туристердің келесі заңдарының бірін сахналандырады (3 минутқа дейін):

-Үйде отырып, туризмнің мәнін түсіну мүмкін емес;

- Беткейден өтсең бел қалар;   

- Шаршасаң – жолдасыңа көмектес, өзіңе жеңілдік келер;

- Қалған нан қаншалықты кішкене болса да – саяхат кезінде оны барлығына бірдей бөледі;

- Саяхаттың табыстылығы оның дайындығына байланысты;

- Саяхатқа барсаң – қорықпа, қорықсаң – барма;

- Саяхатта жетеуі біреуді күтеді;

- Саяхатқа тым ауыр рюкзак алма, сүйрейтін – жолдастарың;

- Жауын туристер үшін кедергі емес;

- Бізге дейіннен гөрі бізден соң тазарақ;

- Білгеніңді досыңа үйрет;

- Саяхатшы деген – адамдарға жақсылық сыйлаушы.

Командалар кезекпен өнер көрсетеді. Қазылар заңның толық ашылуын, әртістік көркемдігін бағалайды.

5.1.2. «Шығыс Қазақстанға ұмытылмас саяхат» сурет конкурсы

Сайысқа командадан 1 адам қатысады – 1 сурет (үй тапсырмасы).Сурет бейнелеу өнерінің кез-келген техникасында орындалады. Суретті конкурсқа қатысушы тікелей өзі салуы қажет. Жұмыс авторының шынайылығына жұмысты сайысқа ұсынған қатысушы және команда жетекшісі жауапты. Суреттің минималды өлшемі - А4 (210 × 297 мм, стандартты қағаз парағы). Жұмыс жасалған мерзім – 2023 жыл.

Жұмыстарға заттаңбалар қоса беріліп, онда жұмыс және автор жайлы келесі ақпарат беріледі:  

1. Жұмыстың атауы;

2. Автордың аты-жөні;

3. Автордың жасы;

4. Жұмыс жасалған жыл.

Заттаңба қағаз параққа TimesNewRoman әрпімен, 11 қаріппен бір жол аралығымен 4 жолға басып жазылады, жұмыстың төменгі оң жақ бұрышына бекітіледі.  

Бағалау критерийлері:

- Жұмыстың ұқыптылығы және орындалуының тиянақтылығы;

- Жұмыстың қатысушының жасына/мүмкіндігіне сәйкестігі;

- Ойдың өзіндік ерекшелігі;

- Жұмыстың эстетикалық рәсімделуі, түстерді қолданудағы шешім;

- Номинация тақырыбының ашылуы;

- Жұмыстың толықтығы;

- Жұмыстың сапасы;

- Авторлық, жұмыста дайын материалдар көмегімен салынған элементтердің жоқ болуы.

5.1.3.«Этнографиялық туристік кәдесый» декоративті-қолданбалы сайысы

Сайысқа командадан 1 қатысушы қатысады – турист орналасқан аумақта мекендейтін халық-этноспен және басқа этникалық құрылымдармен ассоцияцияланатын 1 шығармашылық жұмыс (үй тапсырмасы). Шығармашылық жұмысты тікелей конкурс қатысушының өзі жасауы тиіс. Жұмыстың авторлығының шынайылығына жұмысты сайысқа ұсынған қатысушы мен команда жетекшісі жауапты.  

Шығармашылық жұмыс келесі бағыттар бойынша орындалады:

- Қолөнер (кесте тігу, тоқыма, макраме, киіз басу, бисермен тоқу және т.б.);

- халықтық қолөнер (табиғи материалдардан бұйымдар, «көркем ою», «кескіндеме» және т.б.).

Жұмысқа жұмыс және автор жайлы келесі ақпарат көрсетілген заттаңба қоса беріледі:

1. Жұмыстың атауы;

2. Автордың аты-жөні;

3. Автордың жасы;

4. Жұмыс жасалған жасы.

Заттаңба қағаз параққа TimesNewRoman әрпімен, 11 қаріппен бір жол аралығымен 4 жолға басып жазылады, жұмыстың төменгі оң жақ бұрышына бекітіледі.

Бағалау критерийлері:

- Жұмыстың ұқыптылығы және орындалуының тиянақтылығы;

- Жұмыстың қатысушының жасына/мүмкіндігіне сәйкестігі;

- Ойдың өзіндік ерекшелігі;

- Жұмыстың эстетикалық рәсімделуі, түстерді қолданудағы шешім;

- Номинация тақырыбының ашылуы;

- Жұмыстың толықтығы;

- Жұмыстың сапасы және жасалу күрделілігі.

5.1.4.«Ғажайып табиғат әлемі» экологиялық квесті

Қызықты және қозғалмалы ойын. Квестке команда толығымен қатысады (5 адам). Әр командаға маршруттық парақ беріледі, командалар маршрутқа сай қозғалады.

Бағалаудың негізгі критерийлері: жауаптардың дұрыстығы, орындау уақыты.

Станциялар:

1. Ормандағы өзін-өзі ұстау ережелері. «Табиғатты қорғау» белгілері;

2. Метеостанция;

3. Пайдалы қазбалар;

4. Өсімдік әлемі;

5. Аңдар мен құстар патшалығы.

Станциялардағы тапсырмалар зияткерлік немесе интерактивті сипатта болуы мүмкін.

5.1.5.«Ептітурист» туристік эстафетасы

Кешенді командалық жарыстар, команда жергілікті мекенді бағдарға ала отырып, табиғи және жасанды қашықтық кезеңдерінен өтеді және жалпы бақылау уақыты ішінде техникалық тапсырмалар қатарын орындайды.

Бағалаудың негізгі критерийлері: орындаудың дұрыстығы, орындау уақыты.

Қашықтық кезеңдері:

- аумақтағы бағдар;

- «дөмпешіктермен» жүгіру;

- «Тоннельден» жорғалап өту;

- параллель жіптер;

- жер бетіндегі горизонтальді және вертикальді «тор» және басқа кезеңдер.

5.1.6.«Шабыт» туристік әндер сайысы

Әр команда бір нөмір көрсетеді (үй тапсырмасы).

Берілген уақыт 5 минуттан аспайды

Туристік ән орындауға болады:

- минусовкамен;

- жанды музыкамен;

- музыкалық сүйемелдеумен.

Бағалау критерийі:

-вокалдық шеберлік және шығармашылық қабілет;

- әртістік шеберлік;

- орындау техникасы;

- көркем-шығармашылық шешім;

- номинация тақырыбына сәйкестік.

6. Турстарттардың қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау

6.1. Жүлдегерлерді қазылар алқасы анықтайды.

6.2. Командалар – жалпы сынақ жүлдегерлері мен жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Турстарттардың номинациялар бойынша жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Турстарттардың қалған қатысушылары қатысқаны туралы электронды сертификаттарға ие болады. Қатысушылардың сертификаттарының электронды нұсқасы ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығының» https://www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланады.

Анықтама телефондары: 8(7232) 70-26-74.

7. Турстарттарды қаржыландыру

7.1. Турстарттарды қаржыландыру ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығымен бекітілген смета шегінде жүзеге асырылады.