2023 жылғы 5 желтоқсанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ойын ҚР Үстел теннисі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «Тұрғысынорта мектебі» КММ, Алтай ауданы;
ІІІ орын – «С. Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!
