Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың ақпанынан мамырына дейін 9-11 жас аралығындағы балаларға арналған «Белес» туристік старттары өткізіледі.
Шараның мақсаты мен міндеттері: туризм жайлы, табиғат жағдайында аман қалу туралы білімнің қалыптасуы, салауатты өмір салты негізінің, эмоционалды оң қарым-қатынастардың, ұжымшылдық сезімнің қалыптасуы, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру, өскелең ұрпақ бойындағы азаматтық сезімді, туристік мәдениетті тәрбиелеу.
Турстарттарға облыстың жалпы білім беретін және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.
Командалардың сандық құрамы – 5 адам (3 ұл + 2 қыз) және 1 жетекші бапкер – команда өкілі.
Оқушылардың жас санаты – 9-11 жас.
Турстарттар келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Бағдар» туристік викторинасы;
- «Шығыс Қазақстанға ұмытылмас саяхат» сурет конкурсы;
- «Этнографиялық туристік кәдесый» декоративті-қолданбалы сайысы;
- «Ғажайып табиғат әлемі» экологиялық квесті;
- «Ептітурист» туристік эстафетасы;
- «Шабыт» туристік әндер сайысы.
Әр команда Турстарттардың жарыстары мен сайыстарының барлық түрлеріне қатысуы тиіс.
Турстарттар үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – жалпы орта білім, қосымша білім мекемелерінде (2024 жылдың ақпаны);
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық (2024 жылдың наурыз-сәуірі);
Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық (2024 жылдың мамыры, Өскемен қаласы).
Турстарттардың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларының, білім мекемелерінің директорларының бұйрықтарымен анықталады.
Аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің нәтижелері Ұйымдастыру комитетіне өтінім түрінде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық білім мекемелерінің директорларының қолымен (1-қосымша) Турстарттардың облыстық кезеңіне қатысу үшін 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін келесі мекен-жай бойынша жіберіледі: Өскемен қаласы,Абай көшесі, 21 ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығы, тел. 8 (7232) 70-26-74, е-mail:sporturizm@shygysdaryn.kz.
Өтінімге қатысушылардың және жетекшінің тұлғасын анықтайтын сканерленген құжаттары қоса беріледі.