+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсының корытындысы
04 Жел, 10:05

Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді.

Конкурсқа аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаз командаларының 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Бірінші кезеңде әр команда Қазақстан тарихы пәнінен тестілеуден өтті, капитандар «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнері» тақырыбында эссе жазды.

Екінші кезеңде қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған театрландырылған сахналық қойылым ұсынды.

Қатысушыларды жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, атқарушы билік өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қоғам қайраткерлерінен құралған білікті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының пікірінше барлық командалар жарыста жоғары дайындықтарымен ерекшеленді.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёва қатысты. Инесса Александровна барлық қатысушыларды құттықтап, жас белсенділер мен көшбасшыларға сәттілік тіледі.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Қазылар алқасы топтық сайыста жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Конкурс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен:

- Дарынды балаларға арналған  облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;

- Өскемен қаласы.

II дәрежелі дипломмен:

- Облыстық мамандандырылған IT мектеп лицейі;

- Зайсан ауданының командасы.

III дәрежелі дипломмен:

- Риддер қаласының командасы;

- Катонқарағай ауданының командасы;

- Ұлан ауданының командасы;

- Самар ауданының командасы марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Келешекте табыс тілейміз!