+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы.
28 Қар, 18:29

2023 жылдың 28 қарашасында облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға 8-11 сыныптарының аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 16 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 3 оқушы, II орын - 6 оқушы, III орын - 7 оқушы).

 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!