Мұражай педагогикасының мазмұнын жетілдіру, жасжеткіншектердің рухани және мәдени құндылықтарын дамытуда мұражайдың рөлін белсендіру мақсатымен 2013 жылы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно – мемориалдық кешені «Мұражайдың жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын рөлі» атты инновациялық жобалардың Республикалық Фестивалін өткізеді.
Фестивальға инновациялық қызметпен кемінде 3 жыл айналысқан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының тарих, география пәні мұғалімдері қатыса алады.
Фестиваль оn-line режимінде а.ж. 27-28 ақпанында www.1sabak.kz сайты арқылы өтеді.
Фестивальды өткізу ережелері туралы ақпарат shygysdaryny. kz сайтына қойылған.
Фестивальдың іріктеу кезеңіне қатысу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына а.ж. 11 ақпанына дейін электронды және қағаз жүзінде төменде көрсетілген ақпараттарды ұсыну керек:
- фестивальға қатысу үшін өтініш;
- қазақ және орыс тілінде өнделген андатпа (аннотация);
- фестиваль жеңімпаздарының жинақтамасына енгізу үшін жобалардың тезистері.
Өтініш түрі:
|
Толық аты-жөні (құжат бойынша)
|
Жұмыс орны |
Қызметі |
Өтілімі, санаты |
Жобаның атауы |
E-mail: vk_daryn@mail.ru, факс8/7232/552112
Ақпаратты білім қызметкерлеріне жеткізулеріңізді сұраймыз.