2023 жылдың 24-26 қараша аралығында Ақтау қаласында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы Х республикалық «Ақберен» өнер байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгіру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 6 жеңімпазы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Күршім ауданы «Қалжыр орта мектебі» КММ 10 сынып оқушысы Қизатуллаева Жайна «Эссе» номинациясы бойынша І орын иеленді.
Жайнаны құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

