Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Күз сыйы» қашықтықтан өткізілетін шығармашылық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: шығармашылыққа қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушыларды табысқа жетуге ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру және жандандыру.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) Гербарий;
2) Күзгі тақырыпқа аппликация;
3) Табиғи материалдан жасалған «Күз сыйы»;
4) Натюрморт немесе «Күз бояулары» пейзажы;
5) Фотоэтюд «Күз мейрамы».
Байқауға облыстың 4 жастан 17 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиеленушілері мен білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.
Байқау қорытындысы 5 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!