ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы қараша – 2024 жылғы наурыз аралығында білім беру бағытындағы экскурсиялық маршруттардың анықтамалықтарын әзірлеу бойынша «Туристік білім жолы» облыстық конкурсын өтеді.
Мақсаты – балалар мен жастар арасында білім беру бағытындағы туризмді насихаттау және олардың саяхатқа деген қажеттілігін қалыптастыру.
Конкурсқа жалпы орта білім беру және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысады.
Командасының сандық құрамы – 5 адам.
Білім алушылардың жас санаты – 12-16 жас.
Конкурсқа туризм түрлері бойынша білім беру бағытындағы экскурсиялық маршруттардың (кемінде 2 маршрут) анықтамалығы ұсынылады: экологиялық туризм; мәдени-танымдық туризм; этномәдени туризм; өнеркәсіптік туризм; гастрономиялық туризм; спорттық туризм; емдеу-сауықтыру туризмі; білім беру бағытындағы туризм.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Менің кіші Отанымның экскурсиялық маршруттары» номинациясы;
- «Облыстың экскурсиялық маршруттары» номинациясы.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінде (2023 жылғы қараша-желтоқсан);
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық / қалалық (2024 жылғы қаңтар);
Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық (2024 жылғы ақпан-наурыз, Өскемен қаласы).
Конкурстың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен айқындалады.
Аудандық / қалалық іріктеу кезеңінің нәтижелерін Ұйымдастыру комитетіне аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының және облыстық білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған облыстық конкурсқа қатысу туралы өтінімді нысан бойынша 2024 жылғы 1 ақпанға дейін, Өскемен қ., Абай даңғылы, 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына, тел.: 8 (7232) 70-26-74, sporturizm@shygysdaryn.kz электронды поштасына жіберіледі.
Өтінімге қатысушылардың және топ басшысының жеке басын куәландыратын сканерленген құжаттары қоса беріледі.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Жас туристер» бейінді жазғы ауысымына қатысады.
Бейінді жазғы ауысымды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы 2024 жылғы тамызда өзін-өзі табысты іске асыру, балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, салауатты өмір салтының құндылығын насихаттау, білім алушыларды белсенді демалысқа және туризммен айналысуға тарту үшін жағдайлар жасау және мүмкіндіктер беру мақсатында ұйымдастырады.
Үздік анықтамалықтар білім басқармасының интернет-порталында орналастырылады және балалар туризмі саласында пайдалануға ұсынылады.