2023 жылғы 13 қарашада Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсат - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ойын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «С. Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ, Ұлан ауданы;
ІІ орын – «№14 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Жамбыл атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!