2023 жылдың 22 қарашасында облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурс оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.
Бұл конкурс өзекті және перспективалық ғылыми жобаларды ашуға қабілетті жас ғалымдарды, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын қатысушыларды біріктірді.
Облыстық кезең халықаралық практикаға сәйкес ашық көрме форматында ютуб арнадан трансляция жүргізілумен ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларынан келген 200-ден астам оқушының басын қосты.
Конкурс 16 секцияда 4 бағыт бойынша өткізілді. Оқушылар жұмыстарды жеке және командалық түрде қорғады.
Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 116 жоба жүлделі орынға ие болды:
I орын - 23 жоба;
ІІ орын - 31 жоба;
III орын - 62 жоба.
Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!


