+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының «Компьютерлік физика» халықаралық олимпиадасына қатысу қорытындысы
02 Ақп, 07:08

2013 жылы 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында дәстүр бойынша Мәскеу облысының Протвино қаласында (Ресей) негізгі ғылымдарға қызығушылықтары бар интеллектуалды-дарынды балаларды іздеу, іріктеу, қолдау мақсатымен «Компьютерлік физика - 2013» халықаралық олимпиадасы өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы  оқушыларының командасының атынан әр түрлі типтегі жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарында оқитын  13 оқушы қатысты.

Олимпиада бірнеше кезеңде өткізілді:

1) «Виртуалды физикалық лаборатория» сайысы (есептерді компьютерде сандық модельдеу арқылы шешу);

2) жеке жарыстарды, компьютерлік талдау саласындағы презентацияларды қамтитын компьютерлік шығармашылық сайысы, сондай-ақ «Интеллектуалды компьютерлік ойын» командалық жарысы;

3) оқушылардың физика және математикадан жеке ғылыми жоба қорғауы;

Қатысушылардың жұмысын құрамына шетелдердің алдыңғы қатарлы университеттерінің ғалымдары кіретін әділқазылар бағалады.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың барлық оқушылары жеңімпаз атанды.

І дәрежелі дипломмен 9 оқушы:

- Ерланова Алмара – Өскемен қаласының №3 мектеп-гимназия оқушысы;

- Ерқайратова Зарина – Өскемен қаласының жекеменшік «Бриг» мектебінің оқушысы;

- Бияхмет Жәнібек – Өскемен қаласының ҚТЛ оқушысы;

- Набиев Ерлан - Өскемен қаласының ҚТЛ оқушысы;

- Касымханов Сұңқар – Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей оқушысы;

- Кожахан Шәкәрім - Өскемен қаласының ҚТЛ оқушысы;

- Сейткаримов Сеит – Өскемен қаласының ҚТЛ оқушысы;

- Улаков Ерік - Өскемен қаласының ҚТЛ оқушысы;

- Маратова Мадина – Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназия оқушысы.

II дәрежелі дипломмен:

- Каирбеков Жанибек – Семей қаласының Шәкәрім атындағы ОМҮТОМ оқушысы;

- Мукашев Темирлан – Бесқарағай ауданының Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушысы;

- Кунчаев Жоламан – Семей қаласының ҚТЛ оқушысы;

- Ардаков Темірлан - Семей қаласының ҚТЛ оқушысы марапатталды.  

Жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мектеп мұғалімдерінің оқушыларды жүйелі дайындауы, сонымен бірге С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдарының және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қызметкерлерінің бастауымен оқушыларға кеңес беру жүргізілуі ықпал етті.

Халықаралық олимпиаданың жүлдегері ретінде барлық оқушылар Шығыс Қазақстан облысы әкімі стипендиясының иегері болды. Олар туралы мәліметтер ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығындағы облысымызың дарынды балалар деректер жиынтығына, «Шығыс дарындары» кітабына енгізіледі.

Шығысқазақстандықтарды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!