2023 жылғы 17-22 қараша аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық турнирі өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағы үшін 2014 жылы туған оқушылардың 5 командасы бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте Республиканың ең мықты балалар мен жасөспірімдер командалары анықталды:
І орын - «Торпедо – 1», Шығыс Қазақстан облысы;
ІІ орын - «Стрижи», Алматы қ.;
ІІІ орын - «Торпедо – 2», Шығыс Қазақстан облысы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!




