+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шахматтан «Ақбозат» Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
27 Қар, 09:47

2023 жылғы 15 қарашада Өскемен қаласында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі («Chess Land» БЖК) базасында шахматтан «Ақбозат» 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ;

ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – «Б. Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ, Тарбағатай ауданы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!