+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
27 Қар, 09:44

2023 жылғы 13-15 қараша күндері Өскемен қаласында, №49 жалпы білім беретін мектеп базасында 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын халықаралық FIFA бекіткен футзал ережесіне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Ұлдар арасында:

І орын – «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;

ІІ орын – «Қ. Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІІ орын – «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.

Қыздар арасында:

І орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;

ІІ орын – «Чапаев орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;

ІІІ орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.

 

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!