2023 жылғы 13 қарашада Өскемен қаласында Үстел теннисі орталығының МБЖОРСМ базасында үстел теннисінен 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсат - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ойын Федерация бекіткен үстел теннисі ережесіне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «Кәкен Аханов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІІ орын – «Тұрғысын орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!

