+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық Мектеп лигасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
27 Қар, 09:36

2023 жылғы 16 қараша күні Өскемен қаласының О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын екі кезеңде өткізілді: қашықтық және этафета.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;

ІІ орын – «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – «№1 Самар орта мектебі» КММ, Самар ауданы.

 

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!