2023 жылғы 13-15 қараша күндері Өскемен қаласында, М. Әуезов атындағы №17 орта мектеп базасында 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Ұлдар арасында:
І орын – «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицей» КММ, Зайсан ауданы;
ІІІ орын – «Алтай қаласының мектеп-лицей» КММ, Алтай ауданы.
Қыздар арасында:
І орын – «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ, Алтай ауданы;
ІІ орын – «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Быструха орта мектеп-балабақша кешені» КММ, Глубокое ауданы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!
