+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Асық ату және бес асықтан Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
24 Қар, 16:33

2023 жылғы 15 қарашада Өскемен қаласында Оралхан Бокей атындағы №44 лицей базасында асық ату және бес асықтан 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсат - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

Асық ату ұлдар арасында:

І орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІ орын – «Көкжота орта мектебі» КММ, Самар ауданы;

ІІІ орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ, Өскемен қаласы.

Бес асық қыздар арасында:

І орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІ орын – «А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ, Зайсан ауданы;

ІІІ орын – «Көкжота орта мектебі»КММ, Самар ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!