Сіздерге Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды оқушыларды анықтау және оларды ақпараттық және ғарыштық технологияларға және ғылыми-зерттеу ісіне ынталандыру мақсатында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ Халықаралық ғылыми сайыс өткізетіндігін жеткіземіз.
Ғылыми сайыстың форматында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын келесі секциялар бойынша қорғау көзделген:
1 Секция - «Зымыран техникасы және инфраструктура».
2 Секция - «Ғарыш аппараттары».
3 Секция - «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және моделдеу».
4 Секция - «Электроника, автоматика и телеметрия, аспап жасау».
5 Секция - «Ғарыштық биология және медицина».
6 Секция - «Экология және ғарыштық қызмет».
7 Секция - «Әлемдік эволюциядағы астрофизика».
8 Секция - «Күн жүйесі».
9 Секция - «Энергетика және отындар химиясы».
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми сайысты өткізу тәртібі www.daryn.kz. сайтында жарияланған.
Ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми сайысқа қатысу үшін Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 8 ақпанында іріктеу айналымын өткізеді.
Аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылғанмектептердің директорларының қолдары мен мөрлері қойылған тапсырыстарды (әр секциядан 1 ғылыми жоба) және анкеталарды а.ж. 6 ақпанға дейін vk_daryn@mail.ru электронды адресқа жіберулеріңізді сұраймыз.
Іріктеу айналымына жіберілген әр жұмыста абстракт (тақырыбы, зерттеу мақсаты, көкейкестілігі, зерттеудің жаңашылдығы және дербестік дәрежесі, қойылған мақсатқа жету тәсілдері, нәтиженің ғылыми және практикалық құндылығы, жұмыстың негізгі тұжырымы) болу керек.
Іріктеу айналымы өткізілетін орын: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74 (№19 мектеп-кешені), тел/факс: 8 (7232) 55-21-12.
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми сайыстың іріктеу айналымына қатысушылар тапсырыстары
№1 Үлгі.
|
Р/с |
Қатысушының аты-жөні |
Мектеп |
Жобаның аты |
Секция |
Оқытылу тілі |
Ағымдағы жылдағы жетістіктері |
Мұғалімінің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|