+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Қ.Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиада қорытындысы
02 Қар, 17:05

2023 жылғы 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға қызығушылығын арттыру.

Олимпиада Қазақстан және Орта Азиядан  КСРО-ның тұңғыш академигі, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың құрметіне өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің   9 сынып оқушысы Бекболатов Ерназар III дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

Ерназарды жетістігімен құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!