+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Республикалық балалар оқулары байқауының III кезеңінің қорытындысы
02 Қар, 17:02

2023 жылдың 1-2 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Балалар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған Республикалық балалар оқулары байқауына қатысты.

Байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Байқау екі кезеңнен тұрды: тестілеу және шағын әңгіме (эссе).

Байқауда айрықша өнер көрсетіп, белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық кезеңнің келесі жеңімпаздары қорғады:

- Сеилбетқызы Жұлдызай - Зайсан ауданы, Тасбастау шағын жинақты орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

- Зейнелова Инабат - Өскемен қаласы, №45 орта бейіндік мектебінің 9 сынып оқушысы;

- Қилымбекова Айзере - Самар ауданы, Көкжота орта мектебінің 10 сынып оқушысы.

Байқау қатысушыларына Назарбаев университетіне, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.