2023 жылдың 23-26 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялардың конкурсына қатысты. Конкурс онлайн режимінде өтті.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық кезеңінің 8 жеңімпазы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
- «Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру» номинациясында ІІІ орынды Күршім ауданы, Алғабас орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жұмахан Омар;
- «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» номинациясында ІІІ орынды Шемонаиха ауданы, Н.А Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы Вахитов Дмитрий иеленді.
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаз дипломдарының, жетекшілердің алғыс хаттарының, қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары www.ziyatker.org сайтта орналастырылған.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!