2023 жылдың 1 қарашасында Өскемен қаласында «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Облыстың барлық аймақтарынан келген 350-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 12 секция бойынша конкурсқа қатысты.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өздерінің жұмыстарын ұсынды.
Облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша 187 оқушы жүлделі орындарды иеленді. I дәрежелі дипломмен – 41 оқушы, II дәрежелі – 58 оқушы, ІІІ дәрежелі – 88 оқушы марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!