2023 жылдың 29 мен 31 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Ақтөбе қаласында өткен «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық интеллектуалдық конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты – талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.
Республикалық конкурсқа облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Республикалық кезең 2 турда өтті: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және 4 номинация бойынша.
Конкурс аясында балалар шығармашылық жұмыстар дайындады. Қатысушылар бейнерепортаждар ұсынып, туған өлкесінің тарихы, оның көрікті жерлері туралы эссе жазды. «Менің шағын Отанымның болашағы» тақырыбында макеттер қорғады.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп - лицей интернатының 9 сынып оқушысы Амангелдыева Аделя марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Риддер қаласы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Колбина Виктория;
- Өскемен қаласы Меновное орта мектебінің 9 сынып оқушысы Буткенова Алина.
«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясында көрсеткен ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Алтынбек Ақбота марапатталды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!