+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын өткізу туралы
27 Қаз, 14:51

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу.

Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (2023 жыл қараша);

Екінші кезең– облыстық (2023 жыл желтоқсан).

Конкурс екі тур бойынша өтеді.

1 тур:

  1. Капитандар конкурсы – эссе,«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары мен өнері» жалпы тақырып аясында;
  2. Команданың қалған мүшелері үшін - тестілеу.

      2 тур:Театрландырылған сахналық қойылым – командалық қатысу. Театрландырылған сахналық қойылымдардың тақырыптары қоса беріледі. (Қосымша №1).

Конкурс Ережесі www.shygysdaryn.kzсайтында орналасқан.

Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген үлгіге сай сұранысты 2023 жылғы  15қарашаға дейін келесі мекен-жайға жіберу қажет: Өскемен қ. Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priеmnaya@shygysdaryn.kz.

 

 

 

 

Сұраныс үлгісі:

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

Аудан/қала

Білім беру ұйымы

Оқыту тілі

Сыныбы

Қатысушының әлеуметтік жағдайы

Жетекшінің тегі, аты-жөні, ұялы телефонының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр аудан/қала, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 10 қатысушы.

Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.

Қосымша ақпаратты 8(7232)700-244 нөмірінен алуға болады.