+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Республика күніне арналған облыстық «Алау» әскери спорттық ойынының қорытындысы
24 Қаз, 17:54

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Дарын» дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 24 қазанында Өскемен қаласындағы №49 жалпы білім беретін мектеп базасында Республика күніне арналған «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынын өткізді.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық санасын қалыптастыру.

Әскери спорттық ойынға 11-15 жас аралығындағы облыстың қалалары мен аудандарынан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.

Әскери спорттық ойын келесі кезеңдер бойынша өткізілді: саптық байқау; арқада жатып денені көтеру-жеке қатысу; орында тұрып секіру; газтұтқышты кию; белтемірге тартылу; АК-74-ті толық емес бөлшектеу және толық емес бөлшектеуден кейін құрастыру; арқан тарту.

Қатысушы  командаларды құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстың жетекші жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының оқытушыларынан құралған құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Іс-шараның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» ӨҚ 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.

Әскери-спорттық ойынның қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1 орын – «Жас сарбаз» командасы, Глубокое ауданы, Д. Қонаев ат. ОМ;

2 орын – «Сұңқар» командасы, Алтай ауданы, С. Нұрмағамбетов ат. ОМ;

3 орын – «Сұңқар» командасы, Риддер қаласы, «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы.

Барлық жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!