Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2023 жылғы 13-17 қараша аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтеді.
Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарысқа мемлекеттік жалпы білім беретін мекемелердің және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің білім алушылары келесі спорт түрлерінен қатыса алады:
|
№ |
Спорт түрлері |
Командалар дың сандық құрамы |
Өкіл |
|
1 |
«Шұбар доп» - волейбол 9-11 сынып (ұлдар) |
12 |
2 |
|
2 |
«Шұбар доп» - волейбол 9-11 сынып (қыздар) |
12 |
2 |
|
3 |
«Алтын доп» - баскетбол, 9-11 сынып (ұлдар) |
12 |
2 |
|
4 |
«Алтын доп» - баскетбол, 9-11 сынып (қыздар) |
12 |
2 |
|
5 |
Тоғызқұмалақ, 9-11 сынып (ұлдар, қыздар) |
2+2 |
1 |
|
6 |
Асық ату 9-11 сынып (ұлдар) |
3+1 |
1 |
|
7 |
Бес асық 9-11 сынып (қыздар) |
3+1 |
1 |
|
8 |
Үстел теннисі, 9-11 сынып (ұлдар, қыздар) |
2+1 |
1 |
|
9 |
«Ақбозат» - шахмат, 9-11 сынып (ұлдар, қыздар) |
3+1 |
1 |
|
10 |
Жеңіл атлетикалық кросс (ұлдар, қыздар) |
5+5 |
1 |
|
11 |
Футзал «Теңбіл доп» (ұлдар) |
12 |
2 |
|
12 |
Футзал «Теңбіл доп» (қыздар) |
12 |
2 |
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер ШҚО қалалары мен аудандарының ББ мектеп командаларынан бөлек қатысады.
Жарыс Ережесі бойынша спорттың екі түріне бір білім алушының қатысуына жол берілмейді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің білім алушылары осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, Мектеп лигасына өздері оқитын жалпы білім беретін мектептердің атынан қатысуға құқылы.
Мектеп лигасына балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектептерінің, мамандандырылған сыныптардың, спорт интернаттары мен академиялардың командалары қатыса алмайды.
Жарыс үш кезеңде өткізіледі:
1- ші кезең – мектепішілік іріктеу (қазан);
2- ші кезең – аудандық/қалалық (қазан-қараша);
3- ші кезең – облыстық (13-17 қараша, Өскемен қ.).
Командалардың келуі 2023 жылдың 12 қарашасында. Өкілдер мен қатысушылардың келуі міндетті. Мандаттық комиссияға тіркелу, командалардың өкілдерімен бас төрешілер алқасының отырысы 13 қараша сағат 9.00-де.
Спорттың барлық түрлерінен жарыстардың басталуы сағат 10.00-де.
Турнирдің жабылуы, марапаттау, командалардың қайтуы 2023 жылы 17 қарашада.
Әр кезеңге және спорт түріне өтінім жеке беріледі.
Облыстық кезеңге қатысуға өтінімнің сканерленген нұсқасы 2023 жылғы 6 қарашаға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығында қабылданады.
Мандаттық комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:
- стандартты үлгідегі өтінім;
- қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- спортшының жеке карточкасы;
- білім беру ұйымының оқушыларының өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы хаты (бұйрығы);
- сақтандыру полисі.