+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
17 Қаз, 14:54

Республика күніне орай, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 16 қазанында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Негізгі мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.

Конкурсқа аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары - ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сыныптарының оқушылары 100 - ден астам оқушысы қатысты.

Конкурс 2 кезеңде өткізілді:

1 кезең  -Қазақстан тарихы бойынша тестілеу.

2 кезең 4 номинация бойынша:

1) «Менің кіші Отанымның тарихы» бейнерепортаж;

2) «Кіші Отанымның символы» бейне презентациялау;

3) «Менің кіші Отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын (макеттер) қорғады;

4) «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елді мекені туралы эссе жазды.

Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасының мүшелері – облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша 55 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломымен - 10 оқушы, ІІ дәрежелі - 21 оқушы, ІІІ дәрежелі - 24 оқушы марапатталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!