Кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін көтермелеу және балалардың зерттеу ісіндегі дағдыларын жетілдіру мақсатында 2013 жылдың 26-28 қаңтары аралығында Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Балдәурен» РОСО-нда VIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының командасы құрамында 20 оқушы – «Зерде» зерттеу жұмыстары сайысының облыстық кезеңінің жүлдегерлері қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы жалпыкомандалық 1 жүлделі орынға ие болды. Сайыстың барлық қатысушылары жүлдегер атанды:
7 жобаның авторы 1 орын дипломымен;
4 жобаның авторы 2 орын дипломымен;
6 жобаның авторы 3 орын дипломымен марапатталы.
Жас зерттеушілерімізді, оларың мұғалімдері мен ата-аналарын елеулі жеңіспен құттықтаймыз! Келешекте шығармашылық ізденіс, тамаша нәтиже мен жаңа қызықты идеялар тілейміз.
І орын
- Қайратұлы Әділет – «Нұрорда» Халықаралық мектебі, Өскемен қаласы;
- Насырова Еркежан – дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, Өскемен қаласы;
- Бейсембаева Асель, Мукашев Нұрболат – Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп, Семей қаласы;
- Самарханова Диана – №38 мектеп-гимназия, Өскемен қаласы;
- Аханова Карина – Переменовская орта мектебі, Бородулиха ауданы;
- Руслан Анеля – «Нұрорда» Халықаралық мектебі, Өскемен қаласы;
- Набиолда Айбар – Теректі орта мектебі, Күршім ауданы.
ІІ орын
- Качалова Ксения – дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеп дамыта оқытудың арнайы мектеп-кешен-орталығы, Өскемен қаласы;
- Ерболатов Мират – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі, Семей қаласы;
- Кирибаев Тимур – №6 гимназия, Семей қаласы;
- Романов Сергей – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, Өскемен қаласы.
ІІІ орын
- Заманбекова Мадина, Оралгазиева Эльжана – Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп, Семей қаласы;
- Федорова Вероника – Астафьев ат. мектеп-гимназия, Шемонаиха ауданы;
- Хавдислам Хасан Али – «Нұрорда» Халықаралық мектебі, Өскемен қаласы;
- Болат Айдос – Ломоносов ат. орта мектеп, Ұлан ауданы;
- Нургалиева Жанерке, Мұратова Айдана – дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернаты, Өскемен қаласы;
- Казымова Айнара – Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп, Семей қаласы.