2023 жылы 13-14 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауының республикалық кезеңін Алматы қаласында өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Фестиваль 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4) «Қуыршақ театры».
Байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысы атынан облыстық кезеңнің жеңімпазы Тарабағатай ауданы С. Торайғыров атындағы негізгі орта мектебінің «Өнер әлемі» балалар театр ұжымы қатысты.
Республикалық кезеңінің қорытынды бойынша «Өнер әлемі» балалар театр ұжымы ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

