+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Қазақ күресінен оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарыстың қорытындысы
16 Қаз, 18:09

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бұқаралық спорт және дене шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13-16 қазан күндері Түркістан қаласында қазақ күресінен оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарысы  өткізілді.

Жарыстың мақсаты – қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысынан Тарбағатай ауданының 2007-2008 жылдары туған мектеп оқушылары құрама командасы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы, Қ. Қайсенов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Советхан Мейіржан 76 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2 орынға ие болды.

 Мейіржанды республикалық жарыстағы жетістігімен құттықтаймыз!