+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Әскер жасындағы жастардың ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Қуанышқанұлы Тулаковпен кездесуі
13 Қаз, 18:17

2023 жылғы 13 қазан күні Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында Қарулы күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Қуанышқанұлы Тулаковпен әскер жасындағы жастардың кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгер-интернационалистері мен ардагерлерін еске алуға арналды.

Кездесудің мақсаты: әскер жасындағы жастар ды әскери-патриоттық тәрбиелеу; жастардың азаматтығын, патриотизмін дамыту, кәсіби маңызды қасиеттерді, іскерлікті және олардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларында, әсіресе әскери және онымен байланысты басқа да мемлекеттік қызмет түрлерінде белсенді көрінуіне дайындығын, бейбіт және соғыс уақытында конституциялық және әскери борышына адалдығын, жоғары жауапкершілік пен тәртіп қалыптастыру.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің 200-ге жуық 1-2 курс студенттері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Рамазанов Ерлан Маратбекұлы өз сөзінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын – еліміздің тұрақты дамуының кепілі екенін атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына және Отанды қорғау туралы бейнефильмдер көрсетілді, сондай-ақ, халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенті Сайранбек Малика «Мәңгілік ел» әнімен өнер көрсетті.