+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
12 Қаз, 18:31

Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының базасында 8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті.

Аталған шара «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қатысушыларға жазғы демалыс күндері ҚР «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған авторлардың кітаптары ұсынылды.

Байқауға 40-тан астам жас оқырман – облыстың аудандары мен қалаларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды: тестілеу және шағын әңгіме (эссе).

Байқау қорытындысы бойынша 20 жүлдегер анықталды (I орын - 3 оқушы, II орын - 4 оқушы, III орын – 13 оқушы).

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға қазақ әдебиетінен шығармалар жинағы мен сертификаттар табысталды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдергерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!