+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» онлайн конкурсын өткізу туралы
11 Қаз, 17:51

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 20 қазанында оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, талантты оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, логикалық ойлауын дамыту мақсатында 1-10 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу ерікті болып табыл ады, оқушыларды қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.

Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізілед і. Оn-lineтестілеу 2023 жылдың 20 қазаны күні сағат 09:00-ден бастап 21:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады. 

Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәті ндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады.Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» («Дарын» ғылыми-әдістемелік даму орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден 2023 жылдың 19 қарашасына дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады:

EXCEL форматындағы тізім үлгісі:

Орын

Қала/аудан

Мектебі

Сыныбы

Қатысушының тегі, аты (толығымен)

Дайындаған мұғалімнің АТЖ