Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және химия пәндерінен өз білімдерін көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 41 оқушы жеңімпаз жүлдегер атанды.
2023 жылдың 20 қазанында өтетін іріктеу кезеңіне ең жоғары ұпай жинаған 20 жеңімпаз қатысады.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!


