Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасынын жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп 2013 жылдың 24 қаңтарынан бастап облыс оқушыларын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау аясында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін онлайн тестілеуді ұйымдастыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізуді бастады. Акция оқу жылының соңына дейін өтеді.
Тест негізгі төрт пән: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі бойынша жүргізіледі. Бесінші пән – таңдау бойынша: география, химия, физика, ағылшын Қазақстан тарихы, қазақ тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, биология, дүниежүзілік тарих, әдебиет.
Бірінші сынама тестілеуге 17 ауданнан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған 8 мектептен 248 оқушы қатысты (кесте).
Кесте – І сынама онлайн-тестілеу қорытындысы туралы ақпарат
|
№ |
Қала / аудан |
Қатысушылардың саны |
Ең үлкен ұпай |
Ең төменгі ұпай |
|
1. |
Өскемен |
71 |
123 |
23 |
|
2. |
Семей |
41 |
119 |
31 |
|
3. |
Риддер |
1 |
0 |
0 |
|
4. |
Бесқарағай |
16 |
106 |
41 |
|
5. |
Тарбағатай |
9 |
107 |
51 |
|
6. |
Көкпекті |
10 |
113 |
34 |
|
7. |
Зайсан |
45 |
117 |
33 |
|
8. |
Шемонаиха |
1 |
93 |
0 |
|
9. |
Бородулиха |
6 |
90 |
26 |
|
10. |
Жарма |
29 |
115 |
22 |
|
11. |
Катонқарағай |
11 |
103 |
28 |
|
12. |
ДБА «Восток» ҒЗДОО, Өскемен қаласы |
2 |
116 |
113 |
|
13. |
ҚТЛ,Өскемен қаласы |
3 |
113 |
112 |
|
14. |
Жамбыл атындағы ДБА ОММГИ, Өскемен қаласы |
3 |
108 |
77 |
Барлық мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ тапсыруда жоғарғы ұпайлар жинап, таңдаған жоғарғы оқу орындарына түсулеріне тілектеспіз.