+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысының қорытындысы
02 Қаз, 14:57

2023 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы облысының білім басқармасымен бірлесе «Жыр алыбы – Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысын Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткізді.

Шығыс Қазақстан облысынан 2 оқушы қатысты. Олардың бірі Тарбағатай ауданы, Дәулетбай атындағы балабақша-мектеп кешенінің 11 сынып оқушысы – Ермеков Әли «Тақырыптық айтыс» бағыты бойынша Жамбыл ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталып, ақшалай  30 000 теңгенің сертификатын алды.

Жүлдегерді және оны осы додаға арнайы баптаған жетекшісін жетістіктерімен құттықтаймыз! Сөз тізгінін ұстайтын дарындарымыз көп болсын!